
фото: https://tr.pinterest.com
The Economist журналы әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қалалардың жаңа рейтингін жариялады. Копенгаген үш жыл қатарынан көш бастаған Венаны басып озып, бірінші орынды иеленді.
Дания астанасы тұрақтылық, инфрақұрылым және білім беру бойынша 100-ден 100 ұпай алды.
Сондай-ақ Вена мен Цюрих алғашқы үштікте, одан кейін Мельбурн, Женева, Сидней, Осака және Ванкувер орналасқан. Еуропаның, Жапонияның, Аустралияның және Канаданың қалалары алғашқы 10-дықта.
Рейтинг бойынша өмір сүруге ең нашар қалалар – Дамаск, Триполи және Дакка. Киев те тізімнің соңында — 173-тен 165-орында.
Қалалар бес критерий бойынша бағаланды: қауіпсіздік, медицина, білім, мәдениет және инфрақұрылым. Дүние жүзіндегі орташа балл – 100-ден 76. Көшбасшылар 98-ге жуық.
Алматы да, Астана да рейтингте жоқ. ТМД елдерінің ішінде тек Украина антирейтингте. Қалғандары "орташа" деңгейде болғандықтан, аты аталмаса керек.
Рейтинг әлемнің 173 қаласын қамтиды және жыл сайын жарияланады.
https://stan.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через