
фото: pexels.com
Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билеттегі орын бос болмаса, жол ақысы комиссиясыз толық қайтарылады. Көлік министрлігінің тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар теміржол билеттері пойыз жүргенге 10 минут қалғанға дейін сатылады. Бұрын бұл талап 1 тәулік болатын.
Балалармен сапарлайтын ата-аналарға да құлақ қағыс: бұдан бұлай 7 жасқа дейінгі балаға билет алу міндетті емес. Ал орын қажет болса, билетті жеңілдікпен алуға болады. 7–15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік қарастырылған.
Бұдан бөлек, 15-ке толмаған бала сенімхатсыз пойызға отырғызылмайды. Егер заңды өкілі бірге жүрсе, сенімхат талап етілмейді.
Өзгерістер 22 сәуірден бастап күшіне енеді.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через