WhatsApp

Спорт

Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасы таныстырылды

Ұлттық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарына арналған Қазақстан командасының формасын көпшілік назарына ұсынды. Қазіргі Қазақстан тарихында алғаш рет экипировкадағы ел атауы қазақ тілінде «Qazaqstan» болып жазылады.

Еуропа чемпионатының мұз айдынында Димаштың орындауындағы ән қойылды

Анна Щербакова мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Аве Мария» композициясына өнер көрсетті. Бұл ән алғаш рет 2021 жылдың 25 тамызында «Новая Волна» жас орындаушылардың халықаралық байқауының жабылу салтанатында көрерменге жол тартқан еді

Футзалдан Еуропа чемпионаты басталады

Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемптонаты жалауын көтереді. Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Қарсыластары – Италия, Словения және Финляндия құрамалары. Алдымен қазақстандық футзалшылар 20 қаңтарда Словениямен кездессе, 24 қаңтарда Финляндиямен, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

Мәдениет және спорт министрлігі Бақыт Сәрсекбаевтың пікіріне жауап берді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың Қазақстан құрамасының Ташкентте өтетін Азия чемпионатына қатыспауына қатысты айтқан пікіріне жауап берді. Бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев Instagram парақшасында жазба қалдырған болатын.

Бүгін шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева елге оралады

Бүгін, 17 қаңтарда сағат 15:30 да Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық әуежайында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қарсы алу шарасы өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.

Допты хоккей: «Ақжайықтың» екі ойыны кейінге қалды

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін «Ақжайықтың» екі ойыны кейінге қалды. Оралдықтар 10-11 қаңтар күні өз айдынында Орынбордың «Локомотивін» қабылдау керек еді, әйтсе де бұл кездесу елдегі төтенше жағдайға байланысты өтпей қалды.