Спорт

Бөлісу

Футзалдан Еуропа чемпионаты басталады

Футзалдан Еуропа чемпионаты басталады

       Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемптонаты жалауын көтереді.

       Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Қарсыластары – Италия, Словения және Финляндия құрамалары. Алдымен қазақстандық футзалшылар 20 қаңтарда Словениямен кездессе, 24 қаңтарда Финляндиямен, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

       Еуропа чемпионатында барлығы 16 құрама бақ сынайды. Құрамалар төмендегі топтарға бөлінген:

       А тобы: Нидерланды, Сербия,Украина,Португалия

       С тобы: Ресей,Польша,Словакия,Хорватия

       Д тобы: Грузия,Испания,Әзербайжан, Босния және Герцоновина

        Құрлықтық дода бүгін Сербия мен Португалия құрамалары арасындағы кездесумен басталады. Сондай-ақ бүгін Нидерланды мен Украина құрамалары ойнайды. Аталған турнирдегі ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

       Айта кетейік, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан аралығында өтеді.

      Aiqyn.kz

 

 

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через