Жарнама берушілерге

Құрметті жарнама берушілер!

 

«Сапалы Қазақстан» порталы сапаның жаңа категорияларын (санатын), оның жаңа қырларын түсіну үшін құрылған.

 

Біз мамандандырылған аналитикалық ақпарат көзі ретінде, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің сапасына қатысты кәсіби және тәуелсіз ақпарат, кері байланыс және диалог арқылы мемлекет қызметкерлерінің, кәсіпкерлердің және азаматтардың сауатын арттыруға арналған қолжетімді платформа ретінде қызмет етеміз.

 

Портал жеке тұлғалардың кәсіби қызметінің сапасын арттыруға және халықтың өмірінің сапасын жақсартуға ұмтылуына жан-жақты қолдау көрсетуге арналған.

 

Осыған байланысты біз келесі тақырыптарға қатысты өнімдерді, тауарларды және қызметтерді жарнамалай алмаймыз:

1. Саясат.

2. Дін, оның ішінде діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдары.

3. Ұлтаралық өшпенділікке бағытталған жарнама.

4. Құмар ойындардың жарнамасы.

5. Татуировкалар жарнамасы.

6. Темекі және темекі өнімдері.

7. Электрондық темекілер.

8. Этил спирті және алкоголь өнімдері.

9. Емшек сүтін алмастырғыштар.

10. Қызметтік және азаматтық қаруды, сондай-ақ қаруды, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы бұйымдар.

11. Қаржылық (инвестициялық) пирамида.

12. Электрондық казино, онлайн казино және құмарлыққа байланысты ойындар.

13. Бекітілген жобалау құжаттамасындағы тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) жіктелуіне сәйкес келмейтін, салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар).

14. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жергілікті талаптарға сәйкестігі расталмаған тауарлар.

15. Дәрілік заттардың жарнамасы тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы жаңылыстырмайтын және ұтымды пайдалануға ықпал ететін нақты және сенімді ақпаратты қамтуы тиіс.

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға жол берілмейді.

 

Жарнама тарату немесе орналастыру нысанына, қолданылатын құралдарына, оның ішінде электрондық коммерция саласына қарамастан сенімді, оны көрсету кезінде арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай танылатын болуы тиіс.

 

Егер жарнама беруші жүзеге асыратын қызмет лицензия алса, онда тиісті өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) жарнамалау кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде лицензияның нөмірі мен оны берген органның атауын көрсету қажет. Радио жарнамадан басқа.

 

Әділетсіз жарнама дегеніміз:

   1). жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстары, көрсетілетін қызметтерімен) салыстыруды, сондай-ақ олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәлімдемелерді, бейнелерді қамтуы;

   2). фирмалық атауды, тауар белгісін, фирмалық қаптаманы, тауардың сыртқы дизайнын, формулаларды, кескіндерді және басқа да тауарды жарнамалауда пайдаланылатын коммерциялық белгілерді көшіру немесе олардың сенімін теріс пайдалану арқылы тұтынушыларды жарнамаланатын өнімге қатысты жаңылыстыру;

   3). кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдалану тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, өндiру тәсiлiне, қасиеттерiне, пайдалануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқауларды немесе өтiнiштердi қамтитын;

   4). жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделін түсіруге, кемсітуге немесе келемеж етуге;

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-IIО Заңына сәйкес жарнамаға тыйым салынады. (10.09.2023 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Ескертпе:  Редакция біздің мақсатымызға сәйкес өз қалауы негізінде жарнамадан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Жарнаманың құны келісімді және шарт жасау кезінде анықталады.

 

Түсінгеніңізге рахмет!

 

Жарнама орындары