Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при финалы өтеді

Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при финалы өтеді

фото: elordainfo.kz

       27–29 қараша күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында таеквондо мен пара таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының ақтық кезеңі өтеді. Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылатын G-10 санатындағы жарысқа әлемнің үздік спортшылары, Олимпиада және әлем чемпиондары қатысады. Жалпы, таеквондодан 128 спортшы сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынамақ.

       Беделді додада Оңтүстік Корея, Иран, Италия және Бразилия елдерінің танымал спортшылары да өнер көрсетеді. Қазақстан намысын таеквондодан төрт спортшы қорғаса, пара таеквондо бәсекесінде еліміздің жеті өкілі татамиге шығады. Жарыс нәтижесі спортшылар үшін Лос-Анджелес Олимпиадасы мен Паралимпиадасына іріктеу жолындағы маңызды рейтингтік ұпайлар әкелмек.

       Үш күнге жоспарланған жарыс бағдарламасы 27 қарашада пара таеквондодан басталады. Ал 28–29 қараша күндері олимпиадалық таеквондо шеберлері өзара мықтыны анықтайды. Бұл дода – қазақстандық спортшылар үшін өз алаңында шеберлігін танытып, әлемдік рейтингте жоғарылауға берілген маңызды мүмкіндік.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз