фото: egemen.kz
Теннисші Анна Данилина Сидней турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.
А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге соңғы бәсекеде германиялық Вивиан Хайзер - мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда германиялық-мажарстандық жұп басымдылық көрсетті - 6:4. Екінші сетте Анна мен Беатрис брейкпен алға шықты - 2:0. Ақыры сол басымдылығын сақтай алды - 7:5. Супер тай-брейкте де олар 4:0 есебімен алға кетті. Ойын соңында әлденеше матчболды пайдалана алмағанымен, жеңіспен тәмамдады - 10:8. 1 сағат 36 минутқа созылған кездесуде қарсыластар қос-қостан брейк жасады.
Осылайша Анна Данилина жұптық сында спорттық жолында алғаш рет WTA 500 жарысының чемпионы атанды.
Енді ол Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через