Спорт

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде жүлдегер атанды. Бұл күндері Грецияның Афина қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы топтық жаттығулар бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Финалда шығыршықпен өнер көрсеткен аруларымыз қола жүлдені еншіледі

Меруерт Камалиденова әлемнің үздік 50 шахматшысының тізіміне енді

Астаналық оқушы Меруерт Камалиденова Италияның Каттолика қаласында өткен Grandiscacchi International Chess Festival 2022 чемпионатында әлемнің ТОП-50 үздік шахматшысының тізіміне енді. Бұл жайында қалалық №54 мектеп-лицейінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жекке келісті

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес америкалық журналистермен сұхбат барысында Геннадий Головкинмен өтетін алдағы үшінші жекпе-жегіне қатысты сұрақтарға жауап берді.