Бокстан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты

Бокстан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі) сербиялық Снежана Силжковичпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сәтті ойын өткізді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан Алуаның жеңісін мойындады. Ол ширек финалға жолдама алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі) мен Гүлсая Ержан (81 келі) жарыстың аталған сатысына шыққан болатын.

Енді ел құрамасынан қазақстандық Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі) шаршы алаңға шығады.

Ал Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Дереккөз ҚазАқпарат.