Спорт

Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Жайна Шекербекова америкалық боксшыны жеңді

  Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Жайна Шекербекова америкалық боксшыны жеңді

       Қазақстандық боксшылар Ыстамбұлда (Түркия) 2022 жылғы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

       52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда қазақстандық Жайна Шекербекова Пуэрто-Рико өкілі Мелоди Варгаспен кездесті. Бұл жекпе-жекте Шекербекова 5:0 есебімен жеңіске жетті.

       Осылайша, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұған дейін Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді, ал Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллонды жеңген болатын.

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру