Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 18 КО) арасындағы алдағы жекпе-жектің мәртебесі туралы айтты, деп хабарлайды Sport.kz.
Жекпе-жек 21 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.
«Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы алдағы жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» титулы үшін өтеді», - делінген ұйым таратқан хабарламада.
Бұған дейін WBO Әлімханұлын Деметриус Андраде иеленген орта салмақтағы толық WBO титулына міндетті қарсылас етіп тағайындаған, алайда американдық боксшы оны қорғағысы келмей, WBO-ның бұл категориядағы «уақытша» чемпион атағы үшін Зак Паркермен жұдырықтасу үшін екінші салмаққа көтерілді.
Фото: yandex.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через