Спорт

Бөлісу

Қазақстан құрамасына шақырылған футболшылар анықталды

Қазақстан құрамасына шақырылған футболшылар анықталды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасы қарсаңында оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткендей, алдағы маусым айында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші жарысына қатысады.

Ұлттық құрама алдағы айда Әзербайжан, Словакия (2 рет) және Беларусь футболшыларымен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиыны 24 мамыр күні елордада басталады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ақтөбе»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев («Шахтер»), Талғат Көсепов («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы – «Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Қайрат»), Абат Айымбетов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»).

Фото: prosports.kz

 

 

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через