WhatsApp

Әйел лотореядан ұтқан ақшасына үй сатып алмақ

Әйел лотореядан ұтқан ақшасына үй сатып алмақ
фото: pixabay.com

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында тұратын әйел төрт лотерея билетін сатып алып, олардың барлығынан ұтып шыққан. Оның ішінде бір билет 200 мың доллар (шамамен 96,6 млн теңге) көлеміндегі ірі жүлдені әкелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

UPI порталының мәліметінше, Апстейт өңірінің тұрғыны Оңтүстік Каролина білім беру лотереясының өкілдеріне Уэст-Мэйн көшесіндегі Stop-A-Minit дүкенінен әрқайсысы 5 доллар тұратын төрт скретч-билет сатып алғанын айтқан.

Оның айтуынша, алғашқы екі билеттен жалпы 20 доллар (шамамен 9600 теңге) ұтқан, үшінші билет 5 доллар (шамамен 2415 теңге) әкелген. Ал соңғысы – Neon Jackpot ойынының билеті – 200 мың долларлық (шамамен 96,6 млн теңге) басты жүлдені ұтып берген.

"Мұны толық түсінген кезде ғана қандай күйде екенімді айта аламын. Әзірге әлі де сене алар емеспін", – деді жеңімпаз.

Айта кетейік, ол ұтып алған қаржысын жаңа үй сатып алуға жұмсамақ.