WhatsApp

Спорт

Алматыда алғаш рет ұлттық киімдерде мұз айдынында мерекелік сырғанау өтеді

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Сіздерді «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» мұз ареналарында өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз. 18 наурыз күні сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін келушілер үшін тегін жаппай сырғанау ұйымдастырылады

Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді

Ербол Хамитов Милан-Кортинадағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

Қазақстандық конькиші әлем чемпионатында рекорд орнатты

Нидерландының Херенвен қаласында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтті. Қазақстан атынан жарысқа қазақстандық спортшы Надежда Морозова қатысты. Турнирге барлығы 24 спортшы қатысып, олардың тек үздік сегізі ғана 5000 метр қашықтыққа жолдама алды. Сол сегіз спортшының қатарында қазақстандық Надежда Морозова да болды.

Илья Мизерных әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазіргі таңда Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасында Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені Илья Мизерных көрсетті. Спортшы 263 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Астанада халықаралық семсерлесу турнирі өтеді

26-29 наурыз аралығында Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде беделді халықаралық семсерлесу турнирі өтеді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Жарысқа әлемнің 96 елінен 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Әлем кубогының кезеңі ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сындар бойынша ұйымдастырылады.

Қазақстандық үш боксшы Странджа турнирінде чемпион атанды

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінде ел құрамасы қоржынына үш алтын түсті. 23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды.