Қазақстандық теннисші Италияда топ жарды

Қазақстандық теннисші Италияда топ жарды
фото: https://egemen.kz/

Қазақстандық теннисші Италияда топ жарды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италиядағы Челленджер турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Неміс теннисшісі Эльмар Эйюповичке қарсы матчта қазақстандық үш сетте жалпы есеппен жеңіске жетті. Есеп: 2:6, 7:6, 6:2.

Ойын үш сағат 21 минутқа созылды.

ATP әлемдік рейтингісінде қазақстандық 220 орында тұр.

Айта кетсек, осы жеңістің арқасында 21 жастағы Скатов турнирдің 1/8 финалына шықты.

 Мәтіндегі ақпарат туралы