Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес америкалық журналистермен сұхбат барысында Геннадий Головкинмен өтетін алдағы үшінші жекпе-жегіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Қарсыластар жұдырықтасуды 17 қыркүйекке жоспарлап отыр. Бірақ оған дейін екеуі де көктемде рингке оралуы керек: Головкин 9 сәуірде Риота Муратамен рингте кездессе, «Канело» 7 мамырда Дмитрий Биволмен айқасу үшін қарсы жартылай ауыр салмаққа көтеріледі.
- Головкинмен соңғы рет төрт жыл бұрын айқастың. Онымен үшінші рет жекпе-жек өткізуге неге келістің. Әлде осы уақытты қолайлы көрдің бе?
- Біз келісім жасастық. Олар Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келді. Сонда мен: «Неге болмасқа?» дедім. Өйткені, бұл жекпе-жекті бәрі де көргісі келеді. Сәл кейінірек болса да, бәрі де мұны қалайды. Ендеше, неге қарсылық білдіремін?
Бұдан бұрын 7 мамырда жеңіске жетуім керек. Менің бар назарым – Биволмен жекпе-жекте. Бұл оңай айқас емес. Осы жекпе-жектен кейін (Головкинмен трилогия туралы) сөйлесетін боламыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через