Жиі қойылатын сұрақтар
- Мемлекеттік стандарт дегенді қалай түсінуге болады?
Мемлекеттік стандарт – елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган бекіткен нормативтік-техникалық құжат.
Қазақстанда стандарттау мен метрологиялау жүйесі 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасынан дамый бастады. Ол ұлттық өнімдердің сапасы мен бәсекелестігін арттыру, табиғат және энергетика ресурстарының шынайы есебін жүргізу және айналадағы орта мен халықтың денсаулығын қорғау міндеттерін шешу мәселелерімен тығыз байланысты болды.
1993 жылы “Стандарттау және сертификаттау туралы” және “Өлшемдер бірлігі туралы” Қазақстан Республикасының алғашқы заңдарының қабылдануы Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Бұл заңдар 1999 және 2000 жылдары толықтырылды. Осы заңдарға сәйкес Қазақстан Үкіметі стандарттау жұмыстарын реттеудің нормативтік құжаттарын дайындады.
- Сертификаттау не үшін керек ?
Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. Сертификаттау деп сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де атайды.
Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі.
- Аккредиттеу дегенді қалай түсінуге болады ?
Аккредиттеу (лат. ассrеdo - сенемін) - кез келген БАҚ редакциясының өкілетті өкілінің өз қызметкерін басқа мемлекетке, үкіметтік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға, баспасөз орталығына жіберуі.
ҚР «БАҚ туралы» Заңының «Журналистің құқы мен міндеттері» тарауының «Журналистерді аккредиттеу» 22-бабында «БАҚ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың келісімімен олар да өз журналистерін аккредиттей алады", - деп көрсетілген.
Журналистерді аккредиттеген органдар оны отырыстар, жиындар мен өзге де шаралар жайлы алдын ала хабардар етіп, қажетті құжаттармен және материалдармен қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекетте аккредиттелген тілшілер мен өзге де БАҚ өкілдері басқа мемлекетке шығатын болса олардың құқықтық ережелері мен кәсіби қызметі ҚР заңдылықтарымен және республиканың басқа мемлекеттермен жасалатын шарттарымен реттеледі.
Аккредиттеу ережелері 2000 жылдың 5 қаңтарында №5 МКИОС бұйрығымен бекітілген.