Спорт

Бөлісу

Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасы таныстырылды

Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасы таныстырылды

Ұлттық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарына арналған Қазақстан командасының формасын көпшілік назарына ұсынды.

Қазіргі Қазақстан тарихында алғаш рет экипировкадағы ел атауы қазақ тілінде «Qazaqstan» болып жазылады.

Олимпиадалық командаға арналған спорттық форманы қазақстандық ZIBROO компаниясы шығарды. Шеруге арналған коллекцияны ресейлік дизайнер, SHISHKIN брендінің негізін қалаушы Дмитрий Шишкин дайындаған. Екі өндіруші ең жоғары талаптарға сай келетін, өндірістегі эко-шешімді қолдайтын және киім дизайнының әлемдік трендін қолданатын ортақ олимпиадалық эпикировка коллекциясын ұсынды. 

Қазақстан құрамасының олимпиадалық экипировкасын дайындауға бір жылдан аса уақыт кетті. Киімді дайындау процесіне атлеттердің өздері қатысты. Олар форманың дизайны, сапасы мен функционалына қатысты өз ұсыныстарын білдірген. 

«Бір аптадан соң Қазақстанның олимпиадалық құрамасы Қытайға ұшып кетеді. Ал 4 ақпан күні төртжылдықтың басты додасы – қысқы Олимпиада басталады. Токио қарсаңындағы секілді, бұл ойын басталардан бұрын да біз олимпиадалық экипировканы дайындау кезінде спортшылардың ұсыныс-тілегін ескердік. Біз үшін Олимпиада ойындарында спортшыларға осы форманың ыңғайлы, қолайлы және сәнді сезінгендері маңызды. Ал мата мен тігістің ең жоғарғы талапқа сай болатыны сөзсіз", - дейді ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.

Қысқы ойындарға арналған олимпиадалық форманың таныстырылымына жазғы спорт түрлерінің өкілдері, атап айтар болсақ, Токио Олимпиадасының жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов пен Софья Берульцева қатысты

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через