WhatsApp

Спорт

Талантты спортшылар неліктен құрамаға өте алмай қалады?

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова талантты қазақстандықтардың не себепті спорт құрамаларына кіре алмайтынын түсіндірді. Ақтоты Райымқұлова талантты баланың балалар мен жасөспірімдер спортынан бастап Ұлттық құрамаға дейін жетуі жолында спортшыларды даярлау жүйесі жетілдіруді талап ететінін айтты.

Тарихи сәт: Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің хедлайнері атанды. Ол аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен (15-1, 4 КО) жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атану үшін жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек он екі раундқа созылды: Елеусінов бірауыздан жеңіске жетті.

Эвересті екі аяқсыз бағындырған спортшы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезованы қабылдады. Кездесуде Мария Әуезова Назарбаевқа қамқорлығы үшін және оның арманын орындап, бионикалық протез алуға көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты.

Бокс пен ауыр атлетика Олимпиада бағдарламасынан шығып қалды

Аталған спорт түрлерінің Олимпида бағдарламасына қайта енуі немесе енбеуі жөніндегі мәселе Халықаралық Олимпиада комитетінің 2023 жылғы сессиясында қаралады. Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарамасына енген 28 спорт түрінің тізімін жариялады. Аталған тізімге бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайыс енген жоқ деп хабарлайды ТАСС.

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz. Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруден берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды.