Отандық спорттың былығы қашан тазарады?

Отандық спорттың былығы қашан тазарады?

Отандық спорттың былығы қашан тазарады?

Токио Олимпиадасынан кейін ел спортындағы біраз жайттың беті ашылды. Спортқа миллиардтап ақша жұмсағанымызбен, спорттық сайыстардағы нәтижеміз көңіл көншітпеді.

Қазақстанда 45 спорт түріне бюджеттен және өзге де секторлардан қомақты  қаржы  құйылып жатыр. Осы 45 спорт түрінен әлем чемпионатында 202 медаль иелендік. Бірақ сол әлем чемпиондары  кейін  Олимпиада чемпионына айнала алмады.

 2018, 2019 жылдары әлем чемпионатында  қоржынға медаль салатын спорт түрлерінің саны 8-ге дейін қысқарды.

 Мұндай күйге түсуімізге бірінші кезекте спорт саласындағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер себеп болды. Елдегі  спорттың тұралап қалуына  «Бірінші проблема – сала мамандарының консерватизмі, басқарушылық шешім қабылдауда қатып қалған қағидалардан аса алмауы себеп. Екіншіден, спорт резервін даярлау міндеттемелері дұрыс жолға қойылмады. Үшіншіден, жас спортшыларды даярлау кезінде олардың жасы, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері толыққанды есепке алынбады. Бұның барлығы  спортшылардың  кәсіби өсуіне  нұқсан келтіреді.

Бүгінде қазақстандық спорттың деңгейі африкалық елдерден де төмен. Оны жазғы Олимпиада көрсетті. Соңғы кезде отандық спортшылар жанайқайын ашық айтуда.  Жалақының аздығы, бапкердің басынуы, жағдайдың жоқтығы жандарына батады.

 Өкінішке қарай, біздің спортшылар азғантай ақшаны көлденең көк аттылармен бөлісуге мәжбүр. Келер жылдан бастап министрлік спорт резервін даярлау мәселесін  мемлекеттік бақылауға алмақ. Спортқа   көзқарас  түзелсе,  саңлақтарымыз талай биіктерді бағындырады деген сенімдеміз.