Үздік шетелдік ойыншы атанды
Қазақстандық теннисші Зара Дәркен Еуропа теннис қауымдастығының шешімі бойынша 2021 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды. Ол бұл атақты 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жеткен жетістігінің арқасында жеңіп алды.
Ақтөбе облысының түлегі Зара Дәркен биылғы маусымда бірталай табысқа қол жеткізіп, әлемдік рейтингте үздік 20 теннисшінің қатарына кірді. Отандасымыз осы жылғы халықаралық турнирлердің жекелей және жұптық сындарында бір-бір мәрте жеңімпаз атанды. Үш мәрте финалға дейін жетті.
«Жылдың үздік ойыншысы атанғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін жоғары баға. Жыл бойы жарыстарда бар күшімді салдым. Маған үлкен қолдау көрсеткені үшін бапкерлерім мен Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтамын. Келесі жылы да биіктен көрінуге тырысамын», дейді Зара Дәркен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через