Елордада рапид пен блиц бойынша жоспарланған 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды.
Бұл туралы халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Twitter-де мәлімдеді.
Жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасында өтуі тиіс болатын.
Оған 50 елден 200-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған бұрынғы және қазіргі әлем чемпиондары бар.
Жарысты тоқтату себебі – коронавирусқа қатысты шектеулер.
FIDE бұл турнирді өткізу үшін балама нұсқалар ұсынатынын хабарлады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через