Спорт

Жеңіл атлеттер Азия ойындарында қола жеңіп алды

Қоржынға тағы бір қола түсті. Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары жалғасып жатыр. Жеңіл атлетика бойынша алғашқы медальдар сарапқа салынды және қазақ қыз-жігіттері қолаға қол созды. Олар жүгіруден 400 метрлік микст эстафетасына қатысты. Бұл сында ел намысын Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Давид Ефремов және Аделина Земс төрттігі қорғады. І орын Бахрейн, ІІ орын Үндістан спортшыларына бұйырды.

Азия ойындарында мергендер тағы 2 алтын медаль ұтты

Бүгін жазғы Азия ойындарынан Қазақстан қоржынына 2 алтын медаль түсті. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы стенд атудан скит микс бағдарламасында топ жарды. Сонымен қатар Зухра Ирназарова 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірген жоқ. Осылайша, Қазақстан жазғы Азия ойындарында 3-ші алтын жүлдесін иеленді.