фото: © Photo : Olympic.kz
Зухра Иранзарова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Отандасымыз 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинады. Бұл бағдарламада күміс пен қола Солтүстік Корея өкілі – Джие Ри мен Оксим Пэктің еншісінде кетті.
Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Фатима Ирназарова 6-шы, Александра Садуақасова 7-сатыға тұрақтады.
Қазақстан құрамасы 3 мергенннің нәтижесін қоса есептегенде командалық сында күміс жүлдеге қол жеткізді.
Бұл - Қазақстан делегациясының ХІХ жазғы Азиададағы 2-алтын медалі. Қазір еншімізде 2 алтын, 3 күміс пен 11 қола бар. Еске сала кетейік, Зухра Ирназарова мен Александра Садуақасова биыл тамызда Әзербайжан астанасында өткен нысана көздеуден әлем чемпионатында осы бағдарламада алтыннан алқа таққан.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через