фото: playmaker24.ru
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінде, 30 қыркүйекте Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды.
Қазір ел құрамасы еншісінде 26 медаль 3 алтын, 4 күміс, 19 қола) бар. Медальдар кестесінде 11-орында тұр.
Бұл жөнінен Қытай 200 медаль (105 алтын, 63 күміс, 32 қола) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Жапонияның 99 (27 алтын, 35 күміс, 37 қола), Оңтүстік Кореяның — 102 медалі (26 алтын, 28 күміс, 48 қола) бар.
Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:
Қытай - 105-63-32 (200)
Жапония - 27-35-37 (99)
Оңтүстік Корея - 26-28-48 (102)
Үндістан - 8-12-13 (31)
Таиланд - 8-3-9 (20)
Өзбекстан - 6-10-15 (32)
Гонконг - 5-13-18 (36)
Тайвань - 5-6-9 (20)
Иран- 2-10-10 (23)
Солтүстік Корея - 3-6-4 (13)
Қазақстан - 3-4-19 (26).
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через