Спорт

Қазақстандық Анна Данилина Сан-Диегода өтіп жатқан турнирде ширек финалға шықты

Матчта қазақстандық-америкалық жұп 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Сан-Диего (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті.

Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды

Қасым-Жомарт Кемелұлы жарыстарыма сәттілік тілеп, маған қанат бітірді. 16 жастағы Жібек Құлымбетова Дубайда өткен AJP Tour Asia Continental Jiu-jitsu Championship 2023 - Professional жарысында бірден екі алтын медаль жеңіп алды.

Үш палуанымыз әлем чемпионы атанды

Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған ка­деттер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 мемле­кеттен 160-тан астам спортшы қатысты.

Еліміздің футбол астанасы Ақтөбеде үлкен спорт фестивалі өтті

10 мыңға жуық көрермен, сүйікті клуб ойыншыларынан қолтаңба алуға кезек, қалалық турнирдегі қызу шайқастар – ақтөбеліктердің қазақстандық футбол мұрасына арналған басты іс-шараға белсене қатысқанын көрсетті.

Бибісара Асаубаева Қазақстанның ең үздік шахматшысы атанды

Қазақстанның үздік шахматшылары рейтингіcінің көшін 19 жастағы Бибісара Асаубаева бастап тұр. Ол бұл мүмкіндікке Әбу-Даби фестивалінде жеткен жеңісінен кейін ие болды. Әбу-Дабиде шахматтан өткен ірі фестиваль өз мәресіне жетті. Бибісара Асаубаева әйелдер арасында чемпион атанды. Бұл туралы in Aktau сайты өңірдегі мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.