Даниал Рахматуллаев ITF рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

Даниал Рахматуллаев ITF рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды
фото: lada.kz

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 және одан кіші жас санатында жаңартылған әлемдік жасөспірімдер рейтингін жариялады.

«17 жастағы Даниал Рахматуллаев бірден 86 пунктке көтеріліп, қазір 178-орында тұр. Бұл – қазіргі уақытта қазақстандықтар арасында ең үздік нәтиже. Қазақстандық спортшылар арасында Ерасыл Ердильда 194-орында орналасқан. Амир Омарханов -204-ші, Виталий Запцепин 222-ші, Ильяс Маратулы 269-шы, Данир Калдыбеков 397-ші, Жакас Козбак 471-ші, Зангар Нурланулы 568-ші орында», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Биыл шілде айында Иран астанасы Теһран қаласында Даниал Рахматуллаев екінші рет қатарынан ITF Juniors сериясындағы теннис турнирінде жеңіске жетті.

Даниал Ақтау – қалалық теннис бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы. Жаттықтырушысы – Берекет Жәнібеков.

Дереккөз ҚазАқпарат.