фото: Aikyn.kz
Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған кадеттер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 160-тан астам спортшы қатысты.
Қазақстандық палуандар әлем чемпионатында 3 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальді еншіледі. Сейткерім Дамир (48 кг), Жолдақан Ердаулет (55 кг) және Жандос Мұстафаұлы (60 кг) алтын медаль жеңіп алды. Омар Жасұлан (65 кг) мен Жылқышыбай Айқын (71 кг) «күміске» қол жеткізді. Ал Камидин Рүстем (51 кг) қола жүлде алды. Сондай-ақ командалық есепте Қазақстан құрамасы 1-ші орынды, Қырғызстан 2-ші орынды және Армения 3-ші орынды иеленді. Айта кетсек, Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған кадеттер арасында әлем чемпионаты 2-3 қыркүйек аралығында өтті. Әлем чемпионаты 4-6 қыркүйек аралығында жастар және ересектер арасында жалғасатын болады. Ал 7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрестен өнер көрсетеді.