Жеңіл атлеттер Азия ойындарында қола жеңіп алды

Жеңіл атлеттер Азия ойындарында қола жеңіп алды
фото: https://www.google.com/url?baigenews.kz

       Қоржынға тағы бір қола түсті. 

       Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары жалғасып жатыр. Жеңіл атлетика бойынша алғашқы медальдар сарапқа салынды және қазақ қыз-жігіттері қолаға қол созды. Олар жүгіруден 400 метрлік микст эстафетасына қатысты. Бұл сында ел намысын Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Давид Ефремов және Аделина Земс төрттігі қорғады. І орын Бахрейн, ІІ орын Үндістан спортшыларына бұйырды. 

       Айта кетейік, алдыңғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жүгірудің дәл осы түрінен күміс еншілеген болатын. Ханчжоу қаласындағы байрақты бәсеке 9 қазанға дейін жалғасады. 

       Дмитрий Коблов, Азия ойындарының қола жүлдегері: 

       - Мен үшін бұл қола алтынға татиды. Оңай болмады. Барлық күшімізді салдық. Қолдау білдірген жанкүйерлерге мың алғыс. Осымен биылғы маусым тәмам. Ендігі мақсат – Олимпиада ойындарына қатысу.  

       Ақпарат дереккөзі:24.kz