Қазақстандық үш боксшы Странджа турнирінде чемпион атанды

Қазақстандық үш боксшы Странджа турнирінде чемпион атанды
фото: ҚБФ https://sn.kz/

       Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінде ел құрамасы қоржынына үш алтын түсті.

       23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және
Жастар арасында әлем чемпионы Элина Базарова (54 келі) финалда англиялық Лорен Маккиді 5:0 есебімен тізе бүктіріп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

       Отандасымыз турнир барысында бұдан бұрын 1/8 финал. аустриялық Моник Сурачиді 4:1, ¼ финалда түркиялық Айшен Ташкын 5:0, ½ финалда тағы бір отандасымыз Анель Сақышты 3:2 есебімен қапы қалдырды. 

       Қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Надежда Рябец (80 келі) ақтық сында Түркия өкілі Ярен Дузтаспен күш сынасты. Үш раундта да отандасымыз айқын басымдығын танытып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

       Ел құрамасы қоржынына тағы бір алтын медаль 80 келіден жоғары салмақта түсті. Бұл салмақта өзін жақсы көрсете білген Валерия Аксенова финалда Өзбекстанның спортшысы Олтиной Сотимбоеваны 5:0 есебімен жеңіп кетті.

       https://sn.kz/