фото: bassport.kz
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Лаура Әліқұл мен балуан Әлімхан Сыздықов жүлдегер атанды.
Лаура Әліқұл 68 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, қытайлық Ли Цяоцяомен финалдық кездесуін өткізді.
Мұнда қытайлық 4:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанса, Лаураға күміс бұйырды.
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен 130 кг салмақта қола жүлде үшін бәсекеде түркменстандық Айбегшазада Курраевты 5:1 есебімен ұтты.
Фото: olympic.kz
Тағы бір балуан Ислам Умаев 97 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Рустам Ассақаловтан таза жеңіліп, қола жүлдеге қол жеткізе алмады.
Сондай-ақ бүгін әйелдер күресінен кілемге шыққан қазақстандықтар жүлдесіз қалды.
Дереккөз inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через