Азия ойындарында мергендер тағы 2 алтын медаль ұтты

Азия ойындарында мергендер тағы 2 алтын медаль ұтты
фото: halyq-uni.kz

     Бүгін жазғы Азия ойындарынан Қазақстан қоржынына 2 алтын медаль түсті. 

     Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы стенд атудан скит микс бағдарламасында топ жарды. Сонымен қатар Зухра Ирназарова 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірген жоқ. Осылайша, Қазақстан жазғы Азия ойындарында 3-ші алтын жүлдесін иеленді. 

     Ақпарат дереккөзі: 24.kz