Каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарының финалына шықты

Каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарының финалына шықты
фото: Instagram/drs_kz

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай финалға шықты. 

Қазақстандық каратэші 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраны 12:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қайсар Алпысбай финалға жолдама алып, алтын үшін таласады.

Бұдан бұрын каратэші Нұрқанат Әжіқановтің Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салған еді.

Кеше каратэші Лаура Әліқұл да финалға дейін жетіп, күміс жүлдені олжалаған болатын.

Дереккөз inform.kz