Спорт

Әбу Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Әлем біріншілігіне 41 мемлекеттен 500-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда.Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудың файтинг бағдарламасында әлем чемпионы атанды.Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем Кубогында күміс медаль иеленді

Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем Кубогыөз мәресіне жетті. Аталған жарыста отандасымыз Хайбуллин Ришат "Жылдамдық" санатында екінші орынды иеленді.

Қазақстандық шахматшылар Батыс Азия чемпионатында 18 медальға ие болды

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Ыстықкөл жағалауында 6-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Батыс Азия чемпионаты өтуде. Қазіргі уақытта рапидтің нәтижесі белгілі болды.