фото: pixabay.com
Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарының басталуына 30 күн қалды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қысқы Азия ойындары Атқару комитетінің Спорттық жарыстар департаментінің директоры және Жарысты басқару орталығы қолбасшысының орынбасары Ли Гуанның айтуынша, Азияның 34 елінен/аймақтарынан барлығы 1275 спортшы (755 ер, 520 әйел) тіркелді. Олардың арасында мұз спортына 847 спортшы (513 ер, 334 әйел) және қардағы спорт түріне 428 спортшы (ерлер 242 адам, 186 әйел) қатысады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, дүбірлі дода тарихта ең көп ел қатысқан қысқы Азиаданың бірі болмақ.
Сондай-ақ, Камбоджа мен Сауд Арабиясы қысқы Азия ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.
Харбин қаласы қысқы Азия ойындарын екінші мәрте өткізгелі отыр. Бұған дейін, ІІІ қысқы Азия ойындары 1996 жылы осы қалада өтіп, 17 ел/аймақтан келген 458 спортшы сынға түскен болатын. Қазақстан құрамасы сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-орыннан көрінген.
Еске салсақ, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 12 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстаннан 139 спортшы ел намысын қорғайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через