Спорт

Астаналық жас хоккейшілер Канададағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Астаналық жас хоккейшілер командасы алғаш рет Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турниріне қатысып, AA-Elites (11–12 жас) санатында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Қазақстан каратэшілері БАӘ-де чемпион атанды

Сонымен қатар 3 спортшымыз қола медаль жеңіп алды. Бүгін екі қазақ каратэшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы А сериясы жарысында чемпион атанды.

Нысана көздеуден Азия кубогы: Қазақстан алты алтын медальға қол жеткізді

Бангкокта (Таиланд) нысана көздеуден Азия кубогы өтуде. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады. Турнирдің аяқталуына бірнеше күн қалғанда, біздің спортшылардың қоржынында 13 жүлде бар.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 4-орынмен аяқтады

Қытайда өткен қысқа Азия ойындарында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама қоржынына 20 медаль түсті. Оның төртеуі алтын, тоғызы күміс, жетеуі қола. Ал жалпы медаль саны бойынша Қытай құрамасы көш бастады. Сайыс иелерінің еншісінде 85 медаль болса, екінші орынға 45 медальмен Оңтүстік Корея жайғасқан болатын. Ал үштікті 37 медальмен Жапония құрамасы түйіндеді.