Спорт

Елордалық көркем гимнасшылар байрақты бәсекеде топ жарды

Елордалық көркем гимнасшылар Грекияда өткен оныншы «Афродита кубогы» халықаралық турнирінде топ жарды. Бұл туралы қала әкімдігігінің ресми сайты жазды. Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары 9 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатты.

Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге жетті

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын өткізу үшін Лихтенштейнге келді. Ел құрамасы Уэльс астанасы — Кардиффтен Швейцарияның Цюрих қаласына дейін ұшақпен жетті. Себебі, Лихтенштейн астанасы — Вадуц қаласында әуежай жоқ. Одан ары қарай олар Бад-Рагац деген қалаға автобуспен жетті.

Бақтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатыса алмайды

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында бірқатар өзгеріс болды. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бақтиер Зайнутдинов медициналық қаралымның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатыса алмайды.