
фото: https://vesti.kz/
Қытай астанасы - Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында ерлер арасында 1500 метр қашықтыққа сайыста Әділ Ғалиахметов жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінде мәре сызығын екінші болып қиды. Бұл жартылай финалға шығуына мүмкіндік берді.
Ал жарыс барысында үздік үштіктен көрінген Глеб Ивченко әлем чемпионаты жұбаныш кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды. Сәтті ойын көрсеткен жағдайда ол 1/2 финалға шығуына мүмкіндігі бар.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабаралуынша, биыл спортшылар 500, 1000 және 1500 метрге жекелей қашықтықта жарысады. Сондай-ақ ерлер – 5000, әйелдер – 3000 метрге эстафетада жүлделерді сарапқа салады. Бұдан бөлек аралас эстафета бойынша да жарыстар өтеді.
Әлем чемпионатында шорт-тректен Әділ мен Глебтен өзге ел намысын ерлерден Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, әйелдерде Яна Хан, Зейнеп Құмархан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжіғалиева қорғайды.
Дүбірлі дода 1976 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Былтыр Нидерландтың Роттердам қаласында өткен әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанып, әлем біріншілігі тарихында ел қоржынына алғашқы жүлдені салған еді.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через