Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина — әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары қатарына енді

Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина — әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары қатарына енді
фото: olympic.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатының қатысушылары қатарынан табылды. 

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді. Жарыс 25 наурызда басталып, 30 наурызға дейін жалғасады. Бұл – жылдың ең басты турнирі саналады және оған әлемнің үздік спортшылары жиналады.

Қазақстан атынан додаға екі мықты спортшы қатысады:

  • Михаил Шайдоров – Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы және 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері;
  • Софья Самоделкина – 2025 жылғы қысқы Универсиаданың қола жүлдегері.

Okko платформасы жариялаған мәлімдемеде:

"Бұл – әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларының тізімі. Олар барлығы Бостонда өтетін әлем чемпионатына келеді. Қатысушылар арасынан ең танымал есімдер іріктеліп алынды", – делінген турнирдің ресми анонсында.

https://penalty.kz/