Елордада конькимен жүгіру спортынан VI Қысқы Спартакиада өтіп жатыр

Елордада конькимен жүгіру спортынан VI Қысқы Спартакиада өтіп жатыр
фото: Астана қаласының әкімдігі

       Астана қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан VI Қысқы Спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

       Төрт жылдықтың басты сайысына 6 облыс пен 2 қаладан 80 спортшы қатысып жатыр. Айтулы бәсекеде елорданың атынан 23 спортшы бақ сынайды.

       Конькимен жүгіруден Астана қаласында VI Қысқы Спартакиаданың алғашқы жарыс күнінде елордалық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

       Ерлер арасындағы 500 және 1 000 метр қашықтықта елордалық Алтай Жардембекұлы күміс жүлдегер атанды.

       Ал, әйелдер арасында 500 және 1 000 метр қашықтықта Кристина Силаева алтыннан алқа тақса, Дарья Важенина 39.35 көрсеткішпен күміс жүлде еншіледі. Сонымен қатар, 3 000 және 1 000 метрлік қашықтықта әйелдер арасында Елизавета Голубева алтын және күміс жүлде жеңіп алды. 5 000 метрлік қашықтықта тағы бір отандасымыз Алдияр Төлегенов қола жүлдегер атанды.

       Әйелдер арасындағы командалық жарыста елордалық спортшылар күміс жүлде еншіледі. Команда құрамында Еңлік Жардембекқызы, Алина Дәуренова, Диана Бачурина өнер көрсетті. Командалық жарыста ерлер құрамасы да күміс жүлдегер атанды. Құрама сапында Алдияр Төлегенов, Азамат Сәтқожа және Бақдәулет Сағатов болды.

       https://kaz.inform.kz/