Сегіз боксшымыз әлем кубогына аттанды

Сегіз боксшымыз әлем кубогына аттанды
фото: pixabay.com

Бірер күннен кейін Бразилияда былғары қолғап шеберлері арасындағы жаңа форматтағы жарыс болады. Оны World Boxing ұйымы енгізіп отыр, деп хабарлайды 24kz. 

Әлем кубогі деген жалпы 4 кезеңнен тұратын кешенді жарыс және оның алғашқысын осы Бразилия қабылдайды. 

Тағы бір ерекшелігі – жекпе-жектер World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша болмақ. Сонымен, байрақты бәсекеде ел намысын Нұрсұлтан Алтынбек, Талғат Сырымбетов, Диас Молжігітов және Даниял Сапарбай сияқты тәжірибе бокшылар қорғайды. 

Бұған қоса, Нұрзат Оңғаров, Алмат Абдуали, Дархан Дүйсебай, Дәулет Төлемісов сияқты жастар да бар. Оларға да керемет мүмкіндік беріліп отыр. Бразилиядағы әлемдік аламан 6 сәуірге дейін жалғасады.