
фото: Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге жетті https://kaz.inform.kz/news
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын өткізу үшін Лихтенштейнге келді.
Ел құрамасы Уэльс астанасы — Кардиффтен Швейцарияның Цюрих қаласына дейін ұшақпен жетті. Себебі, Лихтенштейн астанасы — Вадуц қаласында әуежай жоқ. Одан ары қарай олар Бад-Рагац деген қалаға автобуспен жетті.
Швейцарияның Вад-Рагац қаласы Лихтенштейн астанасы — Вадуцтан 20 шақырым жерде орналасқан. Ал матч Вадуцтағы «Райнпарк» стадионында өтеді. Бүгін, 24 наурызда баспасөз мәслихаты мен жаттығу жоспарланған.
Кездесу наурыздың 25-інен 26-ына қараған түні сағат 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Аталған матчта Джон Битон бастаған шотландиялық төрешілер қызмет атқарады. Оған отандастары Дэниел Макфарлейн мен Дэвид Макгичи көмек береді. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі — Дэвид Дикинсон.
Ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары — Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.
Іріктеу кезеңі 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.
Алғашқы турда сырт алаңда Қазақстан Уэльске 1:3 есебімен жол берсе, Лихтенштейн Солтүстік Македония 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через