Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді
фото: https://inbusiness.kz/ru/news/kukushkin-vyigral-vtoroj-titul-serii-chellendzher-v-sezone

       Қазақстандық теннисші, әлемнің 166-ракеткасы Михаил Кукушкин Финикс (АҚШ) челленджер турниріне жолдама алды.

       Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 458-орында тұрған словениялық Бор Артнакпен шеберлік байқасты. 

       Бірінші партияда словениялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Дегенмен осыдан кейін Кукушкин ойын тізгінін өз қолына ала білді – 6:4, 6:2.

       Екі сағат 34 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 3 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын өз пайдасына жазды. Артнак 1 эйс, 4 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті. 

       Михаил Кукушкиннің негізгі додадағы қарсыласы кейін анықталады. 

       Қазақстанның екінші, әлемнің 98-ракеткасы Александр Шевченко осы жарыстың алғашқы айналымында күтпеген жерден рейтингіде 264-сатыдағы америкалық Колтон Смиттен ұтылып қалды – 1:6, 5:7.

       https://kaz.inform.kz/