Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрт құрлық чемпионы атанды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрт құрлық чемпионы атанды
фото: https://news.sportbox.ru

Михаил Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық атанды

 Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының лидері Михаил Шайдоров Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында алтын жеңіп алдым.

Шайдоров еркін бағдарламада төрешілердің шешімімен 190.37 ұпай жинады. Жалпы есепте 285.10 ұпайға қол жеткізді.

Екінші орынды 265.02 ұпаймен Ча Джун Хван (Оңтүстік Корея) иеленді, ал үшінші орынға 245.01 ұпаймен америкалық Джимми Ма тұрақтады.

Диас Жиренбаев 19-орынға ие болды. Ол 166.34 ұпай жинады.

Айта кетері, Михаил Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық атанды. 2015 жылы Сеулде Денис Тен топ жарған болатын. Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алған еді.

https://sputnik.kz/