
фото: https://www.youtube.com
Астаналық жас хоккейшілер командасы алғаш рет Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турниріне қатысып, AA-Elites (11–12 жас) санатында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
65-ші халықаралық Pee-Wee хоккей турниріне 16 елден 120 үздік команда қатысты. Турнир Канаданың Квебек қаласында өтті.
– Астана қаласында дайындалдық. Біз осы беделді турнир тарихына енгенімізге өте қуаныштымыз. Бұл – біз үшін алғашқы тәжірибе және өз командамызбен мақтанамыз. Ең есте қалған сәт – финалдық ойын, оны 12 мың көрермен тамашалады, – деді команданың бас бапкері Владимир Захаров.
Айта кетейік, бұл турнирге Астана қаласы әкімдігіне қарасты №10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.
Канаданың Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирі 1960 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және 12 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через