Спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасын жеңді

Енді Қазақстанды Иран құрамасымен екі жолдастық кездесу күтіп тұр. Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында Тәжікстан құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Командалар Астанадағы "Сайран Аренада" кездесті.

Паралимпиадаға 44 спортшы барады

Қазақстан спортшылары Париж Паралимпиадасына 33 лицензия алды. XVII жазғы Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Еліміздің пара спортшылары Францияның Париж қаласында өтетін Паралимпиадаға сегізінші мәрте қатысады.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кім келгені белгілі болды

Ол 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.Қайрат Тұрсұнқанұлы Сәтжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі.

Боксшы Иман Хелиф алпауыттарды сотқа берді

Париж Олимпиадасының бокстан чемпионы, алжирлік спортшы Иман Хелиф додадан соң кибербуллингке қатысты сотқа арыз берді. Ол жазушы Джоан Роулинг, Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск және АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың үстінен шағым түсірген.

Қазақстан бокс федерациясында ауыс-түйіс болды

Париж Олимпиадасындағы бокс турнирінен кейін Қазақстан бокс федерациясында ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Turkystan.kz сілтеме жасап. ҚР бокс федерациясының мәліметінше, жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұр.