Төрт қазақстандық боксшы әлем чемпионатының финалында жұдырықтасады

Төрт қазақстандық боксшы әлем чемпионатының финалында жұдырықтасады
фото: https://www.gov.kz

       Дубай қаласында IBA ұйымының ұйымдастыруымен ерлер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Дүбірлі додада қазақстандық төрт боксшымыз финалға жолдама алып, алтын жүлде үшін жұдырықтасады.

       54 келі салмақта ел намысын қорғайтын Сәкен Бибосынов чемпиондық атақ үшін ресейлік Вячеслав Рогозинге қарсы шаршы алаңға шығады.

       Ал 57 келіде Оразбек Асылқұлов финалда тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен кездесіп, алтын медальды сарапқа салады.

       71 келі салмақ дәрежесінде ұлттық құраманың тәжірибелі өкілі Абылайхан Жүсіпов шешуші жекпе-жекте ресейлік Сергей Колденковпен мықтыны анықтайды. Айта кетейік, бұл – Абылайхан Жүсіповтың әлем чемпионаттарындағы төртінші жүлдесі. Бұған дейін ол үш мәрте қола медаль иеленген. Сонымен қатар, ол ерлер арасындағы әлем біріншілігінде Серік Сапиевтен кейін төрт жүлде олжалаған екінші қазақстандық боксшы атанып отыр.

       75 келіде Сабыржан Аққалықов финалда ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.

       Сондай-ақ бұл әлем чемпионатында Теміртас Жүсіпов пен Ертуған Зейнуллинов қола жүлдеге қол жеткізді.