Жас теннисші Дамир Жалғасбай Польшадағы жарыста жеңімпаз атанды

Жас теннисші Дамир Жалғасбай Польшадағы жарыста жеңімпаз атанды
фото: ҚТФ

    Польшаның Краков қаласында теннистен жасөспірімдер арасында ITF J100 турнирі аяқталды.

Қазақстандық Дамир Жалғасбай жекелей сында үздік шықты.

Дамир финалда мажарстандық  Колос Кинчесті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, чемпион атанды. Бұл – оның спорттық жолындағы екінші, биылғы бірінші титулы.

Сондай-ақ 12 және 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe және ATF жарыстарында да қазақстандық жасөспірімдер жақсы табысқа қол жеткізді. 

Черногорияда екінші санаттағы ТЕ додасында жұптық сында Айым Қанағатова румыниялық Мария Чичумен бірге соңғы бәсекеде Кристина Шегай (Қазақстан) – Висня Митичті (Сербия) тізе бүктірді – 6:2, 6:2. 

Баку қаласында АТF жарысында қазақстандықтар озық шықты. Финалда жекелей сында қыздар арасында Алиса Королева үндістандық Яхнави Таменедиді жеңді – 6:1, 2:6, 6:3. Асқар Әмір жекелей сында чемпиондық атақ үшін бәсекеде тағы бір үндістандық Пунит Монохарға есе жіберді – 6:7, 1:6. Дегенмен Асқар жұптық сында сол Пунитпен бірге финалда Сухаль Фарухи (Иордания) – Ахмад Саруджиді (Сауд Арабиясы) ойсырата ұтты – 6:1, 6:1.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Монтеррейде негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/