фото: © Photo : Olympic.kz
Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz.
Қазақстандық спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта жүріп өтті.
Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі. Айта кетері, Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.
Самарқандағы әлем біріншілігінде жалпы саны 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через