Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасын жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасын жеңді
фото: Казахстанская федерация футзала

       Енді Қазақстанды Иран құрамасымен екі жолдастық кездесу күтіп тұр.

       Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында Тәжікстан құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Командалар Астанадағы "Сайран Аренада" кездесті.

       Екі команда 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.

       30 тамыз бен 1 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Астанада Иранмен ойнайды. 8 қыркүйекте Алматыда Аргентина құрамасымен (2016 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалистері) жолдастық кездесу өтеді.

       Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал 15 қыркүйекте Өзбекстанда өтетін 2024 жылғы әлем чемпионатында Испаниямен матч өткізеді, сонымен қатар біздің топта Ливия мен Жаңа Зеландия бар.

       https://sputnik.kz/